Маңғыстаудың бір топ мәдениет қызметкері марапатталды
[ 2019 ] 22 мамыр, 06:53 | Жаңалықтар
Маңғыстау облысының мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салатантты шара өтті. Мерекелік кешке Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, сала қызметкерлері мен ардагерлері, руханият жанашырлары қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өңір басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін түрлі марапаттарды табыстады.
Атап айтсақ, Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармониясы А.Тарақұлы атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің әртіс-аспапшысы Серікқали Ізімбергенов, Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Зәуре Айтуарова, облыстық қуыршақ театрының режиссері Надежда Насырова, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының бөлім меңгерушісі Нұржамал Ноғаева, археолог Андрей Астафьев, Абай атындағы мәдени-демалыс кешені «Алтаир» би ансамблінің жетекшісі Тамара Думановская марапатталды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Нұрболат Қалағанов, Жаңаөзен қаласы Мұнайшы мәдениет үйінің директоры Дәмелі Өтебаева, М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармониясы Кіші симфониялық оркесьтрінің дирежері Әділ Бестембеков Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар, 2018 жылдың қорытындысы бойынша мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлеріне облыс әкімі арнайы диплом мен қаржылай сыйақы табыс етті.
Мәдениет саласындағы алдыңғы буын ағаларымыз бен апаларымыздың ізін жалғаған өңірдегі дарынды ұрпақтардың Маңғыстаудың мәдениет саласына биылғы жылы қосқан жетістіктері де аз емес.
- Өлкеміздің мақтанышы хореограф-баллетмейстер, режиссер Серік Сариев жетекшілік ететін «Жорға» халықтық би ансамблі әлемнің 12 елінен 250-ден астам ұжым қатысқан «Ош - Түркі әлемінің мәдени астанасы» фестивалінде Бас жүлдесін жеңіп алды;
- Облыстық қуыршақ театры Молдова Республикасының Кишинев қаласында өткен X халықаралық «Под шапкой ГУГУЦЭ» қуыршақ театрлары фестивалінен «Үздік актерлік жұмысы мен қуыршақ жүргізу шеберлігі» номинациясын иеленді
- Ресейдің Сочи қаласында өткен халықаралық «Хрустальная магнолия» байқауында Қарақия ауданынан Балауса Сансызбай І орын иеленді;
- Жаңаөзендік «Асыл мұра» фольклорлық ансамблі Республикалық «Үркер» байқауынан Бас жүлдені қанжығасына байлады;
- «Голос», «Славян базары» секілді әлемдік деңгейдегі байқаулардан шәкірттері озық көрініп жүрген үздік тәлімгер Ольга Хныкина жетекшілік ететін «Абай» мәдени демалыс кешеніндегі балалар шығармашылығының оқушысы Маңғыстаулық Дильназ Тілепова биыл Витебск қаласында өтетін Халықаралық «Славян базары» фестиваліне Қазақстан атынан қатысады.
Сонымен қатар, өлкеде музей, кітапхана салаларындағы заман ағымына лайықты цифрландыру жұмыстарының да сәтті өтіп жатқандығы және Мәдениет саласының болашақ мамандарына да жағдай жасалып жатқаны барша жұртқа мәлім. Соның бір дәлелі облыстағы 12 жас облыс әкімінің оқу грантына ие болды. Бұл Маңғыстау өнері жетістіктерінің бір бөлігі ғана.
"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлы жазушы, кемеңгер Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған 150-ден аса іс-шаралар жоспары бекітіліп, жазушының шығармашылығы мен қайраткерлігіне арналған республикалық шараларды жоғары деңгейде өтуіне атсалысуға шақырамын. Облыс орталығы мен Әбіш ағаның туған жері Онды ауылында үлкен шаралар өтеді. Ағаның туған ауылында жаңа мешіттің құрылысы басталды, қазақ аналарының символы «Ай Ана» ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онды орта мектебінің алдына Әбіш ағамыздың бюстін орнатып, ауылға 8 шақырым асфальт төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
1140
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.