Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов еліміздің тарихында мыңжылдықтар датасын атап өткен Тараз бен Шымкент, Түркістан мен Алматыдан кейінгі бесінші өлке ретінде Маңғыстау атауының мың жылдығы анықталғанын хабарлады. Кеше 21 мамыр мәдениет және өнер күндеріне орай ұйымдастырылған шарада өңір басшысы осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында Ералы Тоғжанов жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Маңғыстаудың тарихын жүйелеуге қатысты жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар берген. Кешенді ғылыми зерттеулер, халықаралық деңгейде экспедициялар мен конференцияларға шетелдік ғалымдар да қатысты. Нәтижесінде тың ғылыми жаңалықтар ашылып, Маңғыстау тарихы сонау энеолит заманынан (б.з.д. 4 жылдық), яғни 6000 жылдықтан бастау алғаны, ал біздің заманымыздың 1000 жылынан бастап тарих бетінде тарихи Маңғыстау (Маңғышлақ) атауы пайда болғаны дәлелденді. «Маңғыстау жерін қола (4-3 мың жыл бұрын) және темір (2,5-2 мың жыл бұрын) дәуірінен бастап көне грек және парсы жазбаларындағы дай-даха, массагет, сармат тайпалары мекен етсе, антикалық кезеңде (б.з.д 2- б.з. 4ғғ.) халықтардың Ұлы көшінің негізгі қозғаушылары болған алан, ғұн тайпалары қоныс тепті. 2000 жыл бұрын мекен еткен алан, ғұн тайпаларынан бізге жеткен қазіргі таңдағы әлемдік сенсация деп «Алтынқазған» жерлеу орыны мен «Қарақабақ» қалашығын айтуға болады. Осы кезеңнен бастап кейінгі орта ғасырға дейін Маңғыстау жері Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында ірі транзиттік орталыққа айналып Қызылқала, Кетікқала қалалары мен Үстірт бойында керуен-сарайлар бой көтерді. Дәл осы уақыттан күні бүгінге дейін өлкемізде түркітілдес оғыз, хазар, қыпшақ, ноғай, түрікмен, қазақ тайпалары кезең-кезеңімен мекен еткен. Мұның барлығы бір жыл алты ай ішінде 7 елдің 70-ке жуық ғалымдарының кешенді жұмыстарының нәтижесінде нақтыланды. Осыған орай, нақты ғылыми дәйектерді ескере отырып «Маңғыстаудың мың жылдығын» жариялаймын! Игі шарамыз 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнінде бастау алады», - деп атап өтті аймақ басшысы Ералы Тоғжанов. Маңғыстау мұраларын зерттеуге арналған халықаралық экспедиция нәтижесінде 5 жерасты мешіті, 20 шыңырау-құдық, 20 таңбалы тас анықталып, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Ғалымдардың еңбектері Франция, Ұлыбритания, Түркия, Әзірбайжан, Ресей басылымдарында жарық көрді. [caption id="attachment_67547" align="aligncenter" width="1024"] Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН[/caption] Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау атауының тарих беттерінде кездесуінің 1000 жылдығының аясында: