"Каспий" футбол клубы 18 жылдан кейін алматылық «Қайрат» клубын өз алаңында қабылдады. Екі таймнан кейін тепе-тең түскен "Қайрат" ақтаулық команданың қақпасына пенальти соғып алға шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Екі команда арасындағы қызу ойын кеше 10 сәуір күні Ақтауда өтті.
18-ші минутта есепті 1:0 қылып алматылық шабуылшы Сұлтанбек Астанов ашты. 58 минутта "Каспийдің" жартылау қорғаушысы Ринат Хайруллин доп соқты.
Негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти белгіленді. Осылайша, алматылық "Қайрат" командасының 6:5 есебімен ұтып кетті.
Айта кетелік, 8 сәуір күні маңғыстаулық «Каспий» футбол клубы мен теміртаулық «Шахтер-Болат» клубының арасындағы ойын өткен еді. Бұл ойында Маңғыстау футболшылары 2:0 есебімен алға шықты.Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="77364,77353,77358,77357,77356,77362,77359,77354,77363"]