©
Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығының (ICPS) әлемдік рейтингінде Қазақстан 95-ші орынға жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қазақстан қылмыстық заңдарды гуманизациялау саясатын іске асырып, жыл сайын бас бостандығынан айырудың балама жазасын қолдану аясын кеңейткен еді. Соның нәтижесінде жаһандық рейтингте өз позициясын өзгертті. Соңғы бес жылда еліміз сотталғандардың саны бойынша 41-ші орыннан 52-ші орынға төмендеді (31 мың адам сотталған). Әрбір алты айда International Prison Reform деректерін Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығына (ICPS) ұсынады. Содан кейін орталық жаһандық кестеде әрбір елдің позициясын анықтайды. Қазір Қазақстан «түрме тұрғындарының» индексі бойынша әлемдегі 222 елдің ішінде 95-ші орынға жетті. Сондай-ақ пробация қызметінде тіркелген сотталғандардың саны Қазақстанда жыл сайын артып келеді. Мысалы, биыл 64 мың адамға қоғамнан оқшауламайтын балама жаза тағайындалды. Олардың 89 % - ерлер, 10 % - әйелдер болса, ал кәмелетке толмағандар 1 % - ды қамтиды. 36 403 (57%) адамның бас бостандығын шектелді, 9826 адам (15,4%) белгілі бір лауазымға орналасу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған, 7402 адам (11,5 %) қоғамдық жұмыстарға тартылды, ал 9288 адам (14,5%) шартты түрде сотталған. Сондай-ақ 1016 адамның (1,5%) жазасы кейінге қалдырылған. Ал түзету жұмыстарына 65 адам (0,1%) ғана тартылған.Жұлдызай ҚАЛИЕВА