©
Мұнай компаниясынан қуылып, сотқа шағымданған азамат екі жылдан кейін жұмысына қайта оралмақ. «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясы мен бұрынғы жұмысшының арасындағы екі жылға созылған еңбек дауына нүктені Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қойды, - деп xабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қ.Тулесинов есімді азамат компанияда 2012 жылдан бастап тиеу-түсіру жұмыстарының шебері болып жұмыс жасаған. Осыдан екі жыл бұрын материалдық-техникалық жабдықтау базасы аумағында жазатайым оқиғаға ұшырап, соның салдарынан жұмыстан босатылады. Бұған келіспеген жұмысты Ақтау қаласының №2 сотына шағымданады. Бірақ қалалық сот Қ.Тулесиновтің «жұмыстан босату туралы бұйрығын жою туралы» талабын қанағаттандырмайды. «Қалалық соттың шешімімен келіспей Қ.Тулесинов Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына шағым түсірді. Нәтижесінде, сот шешімінің күші жойылып, сот алқасы «Қаражанбасмұнай» АҚ бұйрығының 3-бөлігін заңсыз деп таныды», - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі. Енді ол бұрынғы жұмысына қайта орналасты. Компания оның амалсыз бос жүрген уақытына жалақысын, басқа да көтермелеу сыйақыларын төлеуге міндетті. Ұзақ уақыт жұмыссыз жүріп, банктегі несиесін төлей алмай, қарызға батқан азамат Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашевқа, судьялар Гүлажар Бақытжановаға, Бекзат Шоқановаға алғысын білдірген.