©
14 сәуір күні Ақтауда «Шахмат жексенбісі» өтеді. Шахмат мектебінің шәкірттері зияткерлік ойында сайысқысы келетіндерді сағат 15.00-ден бастап Каспий теңізінің жағалауында күтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Дебют» шахмат мектебінің шәкірттері мен жаттықтырушылары шахматта сайысқысы келетіндермен ойын өткізеді. Шахмат ойнап, жексенбіні жақсы өткіземін деушілер 15 шағынауданның тұсына теңіз жағалауына келе алады. «Достарымен өзара ойнағысы келетіндер үшін де арнайы шахмат үстелі дайындалады. Шахмат сүйер қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз», - деп хабарлады «Дебют» мектебі.