©
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро Жаңаөзен қалалық соты судьясының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Оған делдал арқылы 500 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдік келтірілген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысындағы департаменті ҚР Жоғарғы соты Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлескен кешенді арнайы жедел-іздестіру шаралары мен жасырын тергеу жұмыстары нәтижесінде Жаңаөзен қалалық соты судьясының парақорлық фактісін анықтады», - деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Арман Бердалин. Лауазымды тұлға Жаңаөзен қаласы әкімдігі Жаңаөзен жер қатынастары бөлімінің талап қоюын қараусыз қалдыру туралы өкім шығару үшін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкері арқылы екі азаматтан 500 мың теңге пара алғаны үшін күдікті деп танылған. Тергеу жүріп жатыр. https://youtu.be/ozBZZcD716A