• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған...

Маңғыстауда «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары тағайындалды...

Маңғыстауда жаңа су құбырының құрылысы басталды...

Ақтауда «Жаныңда жүр жақсы адам» байқауының жеңімпаздары анықталды...

Футболдан Англия құрамасы Еуро-2024 финалына шықты...

  • USD: 474.09 ₸
  • EUR: 514.01 ₸
  • RUB: 5.48 ₸

Ақтаудағы пандустар талапқа сай ма?

[ 2019 ] 4 сәуір, 13:42  |  Жаңалықтар

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, мүгедектердің мініп-түсуіне арналған пандустарды тексеріп шықты. Тексеру барысында мекемелердің пандустары мүлде талапқа сай еместігі анықталды. Алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығынан басталған шара, қалалық әкімдікте, облыстық ауруханада жалғасты. Ондағы салынған пандустардың жағдайы мәз емес. Тым биік, қысқа және қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Оны әкіммен шараға бірге қатысқан бірінші топ мүгедегі  "Тәуелсіз өмір" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Ғайбатов та растап отыр. «Пандустарға өздігіңнен мініп-түсу өте қиын. Олар тым биік болғандықтан, қасымызда адам жүрмесе, артқа қарай құлап кетуіміз мүмкін. Сол үшін өзгенің көмегіне жүгінбей-ақ, биік пандустың орнына электр қуатымен жұмыс жасайтын арба көтергіш жедел саты орналастырса жақсы болар еді», - деп өз ұсынысын жеткізді ол. Осы жағдайларды өз көзімен көрген өңір басшысы айтылған ұсынысты құптап, арнайы мамандарға міндеттеме жүктеп, жедел түрде іске кірісуді тапсырды. Шара соңында Е.Тоғжанов облыстық мүгедектік спорт клубына барып, ондағы мүмкіндігі шектеулі спортшылармен кездесті. Олар күнде осы орталыққа келіп, жаттығу жасап, спорт түрлерімен айналысып, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізеді. Солардың бірі - үстел теннисімен шұғылданып жүрген Мейірбек Өтепов. Екі жылдан бері сүйікті ісін жанына серік еткен ол спорт шеберіне үміткер. Соны ескерген облыс әкімі Мейірбекке жаңа спорттық арба сыйлады. «Бүгін күтпеген жерден облыс әкімі Ералы Тоғжанов келіп, маған арнайы үстел теннисіне арналған қоларба сыйлады. Бұрын өзімнің арбам ыңғайсыздау еді. Дәл осындай арба керек болып, армандап жүр едім», - деп қуанышын жеткізген Мейірбек аймақ басшысына алғысын білдірді. Кездесу барысында Е.Тоғжанов Ақтөбе қаласында өтетін 5-ші паралимпиадаға дайындалып жүрген Мейірбекпен үстел теннисін ойнап, көңіл-күйін тағы бір мәрте көтеріп тастады. Осылайша облыс халқының әлеуметтік мәселелерін үнемі басты назарға алатын өңір басшысы тиісті мамандарға тексеріс барысында анықталған олқылықтарды жоюды тапсырды. Айта кетсек, қазіргі таңда Ақтау қаласының өзінде 6900-дей мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, оның ішінде 600-ден астамы арбаға таңылғандар. Қалада 1500-ден астам ғимарат бар. Құрылыс нормалары бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар қатынайтын мекемеге кірер есіктің ені - кемінде 1,2 м болуы шарт. Ал, есіктің табалдырығы болған жағдайда, оның биіктігі 2,5 см-ден аспауы қажет. Баспалдақтардың биіктігі 12-15 см болуы - заңдылық. Аталған талап бойынша қызмет иелерінің және заңды тұлғалардың немесе кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына кедергісіз өтуін қамтамасыз етпеуі, айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Қызмет иелеріне салынатын айыппұл мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішті құраса, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК, орта кәсіпкерлікке – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік санатына 400 АЕК болып есептелген. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстанның әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құру бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде осы мәселені шешуге қоғамдық бақылауды күшейту» туралы айтылды. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi. Аталған объектiлердi мүгедектердiң кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар олардың қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн керекті шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға тиiс.

Айгүл ОРЫНБАЕВА,

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВА

899
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мұнайлыда дезинфекция жүргізген маманға қатысты сот ісі өтеді

Келесі жаңалық

Жаңаөзен қалалық сотының судьясы пара алды деген күдікке ілінді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Облыс әкімі маңғыстаулықтарды жаңа жылмен құттықтады

    [ 2019 ] 31 желтоқсан, 11:44
    4096

    Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

    [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
    4278

    Азамат Батырқожа вице-министр болып тағайындалды

    [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:58
    2314

    Bek Air ұшағының қара жәшігі жақсы сақталған - вице-премьер

    [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:18
    1770

    ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

    [ 2019 ] 30 желтоқсан, 10:01
    1820

    Трансформация "Маңғыстау Медиа": Жаңа жылға - жаңа сайтпен

    [ 2019 ] 23 желтоқсан, 12:05
    2221

    Рубрикалар

      Әлем жаңалықтарыМәдениетРухани жаңғыруСұхбатАудан тынысыРедакция газеттеріҚызық дерекСараптама

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2627

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2306

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2156

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2867

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2506

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2354

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»