©
Маңғыстау облысының полициясы өлке тұрғындарын сауалнамаға қатысуға шақырады. Сауалнама полиция қызметін жақсартуды, құқық қорғау саласындағы жетпес тұстарды анықтауды көздейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Полиция жұмысын нығайту мақсатында https://forms.gle/krZnkHpktea6knis7 сілтемесі бойынша бірнеше сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз. Маңғыстау облысының полиция департаментінің басшылығы халықтың жауабы мен ұсыныстарын міндетті түрде ескереді", - делінген хабарламада. Сауалнамада тұрғындар полицейлерге көзқарасын білдіріп, Маңғыстау өңірінде полицияның жұмысын қай бағытта жетілдіру керектігі жөнінде ұсынысын қалдыра алады. Сауалнама 2019 жылдың 1-30 сәуірі аралығында жүргізіледі.