"Ақтау қаласында ауа райы күрт өзгеріп, түнімен жаңбырдың толассыз жаууына байланысты "Қала жолдары" жұмысшылары сағат 22:00 бастап түні бойы қаланың ең көп су жиналатын жерлеріне су сору жұмыстары жүргізді", - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, "Дукат" ТҮК, "Оазис" ТҮК, "Дина" гипермаркет қиылысы, "еден ғимараты, "Олжа" сауда орталығы, "Тамшалы" ТҮК, "Виктория" қонақ үйі, орталық мешіт, сары базар маңы мен №24 автомобиль жолында су сорылды. Бұл жұмыстарға 10 жұмысшы, 1 Маз бойлер автокөлігі, 5 мотопомпа жұмылдырылған. "Жаңбырдың толассыз жаууына байланысты аталған мекенжайларда қайтадан су сору жұмыстары жүріп жатыр. Дәл қазір 8 мотопомпа, 2 бойлер автокөлігі (Қала жолдары" ЖШС), 1 бойлер ("КЖСА МКК), 1 бойлер ("Ақтау тұрғын үй" МКК) жұмыс істеп жатыр", - деді әкімдіктегілер. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="76435,76434,76436,76432"]