Кеше тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасына Маңғыстау облысы әкімдігі атынан 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Кеше әскери оқу-жаттығу барысында Ақтаудан Шымкент қаласына бағыт алған тікұшақ құлап, әуе кемесінің бортында болған 13 әскери қызметші қаза тапты. Қайтыс болған 13 адамның 12-сі - Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері. Тікұшақтың пилоты - Роман Костыгов. Бүгін облыс әкімі Е.Тоғжанов Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақ апатқа ұшыраған кезде қаза болған 30153 әскери бөлімі авиация эскадрилия командирінің орынбасары, майор Роман Костыговтың отбасына барып көңіл айтты. https://youtu.be/8QXEvFlmmik "Қайғылы оқиғада қаза тапқан барлық отбасына Маңғыстау облысы әкімдігі атынан 1 миллион теңге көлемінді материалды көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышты өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына облысы Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімінің атынан қайғырып көңіл айтамын", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
Видеоны Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="76029,76030,76031"]