©
"Қаламқас" кен орнындағы №8237 авариялық ұңғымасында грифон өздігінен тұтанған. Оқиға кеше 2019 жылдың 25 наурыз күні сағат 04:40 минутта болған. Бұл туралы ҚР Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Қаламқас кен орнындағы №8237 авариялық ұңғымасында грифон өздігінен тұтанған. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығының ақпараты бойынша өртті тоқтату үшін 8 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіруге қажет тиісті көлемдегі құралдар жеткізілді", - делінген хабарламада. Өрт жағдайы бойынша штаб құрылып, жұмыс жоспары жасалған. https://youtu.be/mfD3mctru7w Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне "Қаламқас" кенорнында ұңғымалардың бірінің грифоны жанып жатқаны туралы хабарлама 25 наурыз күні сағат 07:10-да келіп түскен. "Диспетчер Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның Маңғыстау ауданында орналасқан "Қаламқас" кенорнында №2-Мұнай және газ өндіру цехының 27-26 қатары, №8232 ұңғысының грифонында газ-су қоспасының жанып жатқанын хабарлады. Жану аумағы - 900 шаршы метр, жалынның биіктігі - 10 метр", - деп мәлімдеді төтеншеліктер. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. https://youtu.be/o7HHBAfw-Io Отты сөндіруге "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС 10 қызметкері мен 3 техникасы және "Қаражанбас" ЖШС 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 13 наурызында Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай болған еді. Қазір осы апаттың себебін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі анықтап жатыр.Көрнекі сурет сайт архивінен
Видео сайт оқырмандарынан келді