©
Министр Жаңаөзен қаласында өткен тұрғындармен кездесуде осылай деді. Өзгеріс биыл екінші жартыжылдықтан бастап енбек. «Қазір мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы 31 183 теңге болса, 1 шілдеден бастап 41 570 теңгеге көбейеді. Еліміз бойынша кем дегенде 10600 адам, Маңғыстау облысы бойынша 5396, Жаңаөзен бойынша 1156 адам қамтылуы қажет», - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев. Сондай-ақ жиын барысында әлеуметтік саладағы өзгерісті баян еткен министр баспанаға қатысты жеңілдіктерге де тоқталды. «Ақтауда кәсіпорын, шаурашылық басшыларымен, кәсіпкерлермен жүздеспекпіз. Оларда да жұмыс істейтін аз қамтылған көп балалалы отбасылар бар. Бірақ әлі күнге дейін пәтері жоқ. Сондықтан пәтер алуына көмектесуді ұсынбақпыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 150 млрд теңге қаржы бөлінді. Ол 2 пайызбен осындай жанұяларға беріледі. Кәсіпкерлермен, кәсіпорындармен алғашқы жарналарын төлеуге көмек беру жөнінде сөйлесеміз», - дегенді айтты ол.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН