Оралда тірек-қимыл аппараты зақымданған ардагер спортшылар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Екі күнге созылған бәсекеге Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары және Астана, Шымкент қалаларынан жасақталған командалар қатысты. Барлығы 80 спортшы болды, - деп хабарлайды mangysaumedia.kz сайты. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="74513,74514"] «7-8 наурыз аралығында өткен жарыс тартысты болды. Барлық команда бірдей өнер көрсетті. Алайда жарысқа біздің команда тыңғылықты дайындалды. Жақсы нәтиже көрсету үшін барымызды салдық», - дейді Маңғыстау облысының мүгедектер спорт клубының басшысы Нұралы Құлышов. Чемпионатқа отырып ойнау волейболымен 20-25 жыл айналысқан 40 пен 65 жас аралығында ардагер спортшылар қатысты. Маңғыстау облысының командасы 3 ойын өткізген. Қостанай облысынан келген командамен жартылай финалда сынға түсті. Аса тартысты өткен сайыста Маңғыстау облысының Нұралы Құлышов бастаған параволейболшылары 1-орын алса, 2-орынды Қостанай облысының командасы иеленді. Ал 3-орынды Ақтөбе облысынан келген команда місе тұтты.
Ақкенже БЕРКЕНОВА Суреттерді Н. Құлышев ұсынды