©
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов кеше Жаңаөзен қаласына барып, жұмыспен қамту бойынша құрылған қоғамдық комиссия мүшелерімен кездесті. Қала тұрғындарын жұмысқа орналастырудың басты назарда екенін айтқан әкім ақпан айының басынан бері жасалған кешенді шараларға тоқталды. "Алдымен, қалада «Ашық есік күнін» өткіздік. Оған 2000-нан астам азамат келіп, 1137 азаматқа кеңес беріліп, 630 адамның өтініші бойынша нақты жұмыс басталды. Бұдан бөлек мен 480 адаммен кездесіп, 18 азаматтың көкейіндегі жүрген сұрақты тыңдап, 10 тұрғынды жеке қабылдадым", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. Ашық есік күні аясында Е.Тоғжановтың ұсынысыммен жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық комиссия құрылып, оған халық арасынан 16 адам сайланды. Ал 21 ақпан күні аталған комиссия мүшелерімен Маңғыстау облысының әкімдігінде кездесу өтіп, оған «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.С. Айдарбаев пен мемлекеттік органдардың басшылары да қатысты. https://youtu.be/ad7CaC6bV8c "Комиссия мүшелері көтерген мәселелер бойынша кешенді жұмыс қолға алынды. Қазіргі таңда прокуратура "Өзенмұнайгаз" компаниясының адамдарды жұмысқа қабылдау заңдылығын тексеріп жатыр. Бір айдың ішінде толық анықталатын болады. Бұдан бөлек қала аумағындағы барлық букмекерлік орталықтар толық жабылады", - деді Маңғыстау облысының әкімі. Айта кетелік, Жаңаөзендегі кездесу кезінде тұрғындар мұнай компаниясына жұмысшылардың "бармақ басты, көз қыстымен" алынуы мүмкіндігін айтқан. Сонымен қатар, қаладағы букмекерлік кеңселердің жастарды аздырып отырғанын мәселе етіп көтерген еді. https://www.youtube.com/watch?v=WVYUL7R4vpw Осыдан кейін 23 ақпан күні Жаңаөзен қаласында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Оған 1000-нан астам адам қатысты. Жәрмеңкеге 101 кәсіпорын 1061 жұмыс орнын алып келген. Олардың 546-сы Жаңаөзен қаласында. Айта кетелік, жәрмеңкеге облыстағы барлық өндіріс мекемелері мен компаниялары, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары қатысты. Ұсынылған жұмыстардың орташа жалақы - 110 мың теңге төңірегінде. Тіпті жалақысы 180-200 мың, 250 мың теңге болатын қызметтер де болды. "Бұдан бөлек 105 азамат тегін қысқамерзімді оқыту курсына жазылды. Білім саласы бойынша жұмысқа орналасу үшін 38 адам жолдама алды", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. Жәрмеңке өткен бойда Жаңаөзенде тұрғындарды жұмысқа қабылдау үшін арнайы 4 пункт ашылды. Олардың алғашқысы – «Ардагерлер үйі» ғимаратында. Мұнда комиссия мүшелеріне арнайы бөлме бөлініп, жұмысқа орналасуға ниетті азамттардың тізімі жасақталды. Екіншісі – «Өзенинвест» кәсіпорны. Бұл мекемеде 350 жаңа жұмыс орыны құрылды, қазіргі таңда 49 азамат жұмысқа қабылданды. Үшінші нүкте – қалалық білім бөлімінің ғимаратында облыс орталығынан келген 23 кәсіпорын өкілдері қоғамдық комиссия мүшелерімен бірлесіп тұрғындарды қабылдап жатыр. Олар 324 жұмыс орнын ұсынып отыр. Бір күннің ішінде 465 азамат түйіндемесін тапсырып, олардың 84-не келісім берілген. Оның ішінде, 11 адам Ақтауға жұмысқа орналасу үшін жолға шықты. https://www.youtube.com/watch?v=dBqKT_EKMzU Олардың 5-еуі «ҚазАзот», 1-уі «Машинақұрастыру зауыты», 1 адам «Оңдасын строй» құрылыс мекемесіне, 2 адам «Ақжол құрылыс», 1 адам «К7 групп» құрылыс компаниясына орналасса, «СМК-4» ЖШС 1 адамды жұмыспен қамтыған. Тағы да 79 түйіндеме қаралып жатыр. Аймақ басшысы Ақтаудағы мекемелерге жолдама алған жаңаөзендіктерді баспанамен қамту мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Олар сол кәсіпорындардың жанындағы жатақханаларға орналастырылады. Ералы Тоғжанов кездесу барысында облыс тұрғындары үшін 1% несие беретін «Нұр капитал» жобасының бар екенін тағы да еске салды. Қалада ашылған төртінші пунктте дәл осы бағдарламаны түсіндіру, кәсіпкерлік ашу, оны жүргізу бойынша кеңес береді. "Жеке кәсіпкерлер де 100-ден астам адамды жұмысқа қабылдауға дайын. Олардың арасында дәл осы «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша ісін бастаған мекемелер да бар. 50 адам тұрақты жұмысқа қабылданады", - деп атап өтті Е.Тоғжанов. Осылайша бір жұмыс күнінде 183 жаңаөзендік жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, қоғамдық комиссияның мүшелері аз қамтылған тұрғындардың, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларды аралауды бастады. Айта кетелік, Маңғыстауда Алғыс айту күні қарсаңында 300 отбасыға азық-түлік таратыла бастады. Бір отбасыға 30 мың теңгеге азық-түлік алынады, осылайша барлығы 9 млн теңгеге көмек көрсетіледі. көлемінде азық-түлік түрінде көмек көрсетіледі. "Ал аса мұқтаж аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 80 пәтермен қамту мәселесі шешілуде", - деді Ералы Тоғжанов. https://www.youtube.com/watch?v=NIYPF8yx8og Әкімнің ақпаратынан соң қоғамдық комиссия мүшелері сөз алып, бірнеше күннен бері атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жұмысқа өтініш берген азаматтардың үйлерін аралап, нақты жағдаймен танысқандарын жеткізді. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="73441,73443,73444"]