- Жұма күнгі жетекші мұнай биржаларындағы сауда қорытындысы бойынша қара алтын бағасы арзандады. Мұндай мәліметтер Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайттарында хабарланды.
Мұнай фьючерстерінің бір баррельге шаққандағы орташа құны Лондондағы Inter Continental Exchange (ICE) - ICE Brent Crude Futures биржасында $45,69 (-0,51) құрады.
Мұнай фьючерстерінің бір баррельге шаққандағы орташа құны New York Mercantile Exchange (NYMEX) Light Sweet Crude Oil келісімі негізінде $44,19 (-0,56) құрады.
ҚазАқпарат