Маңғыстаулық төтеншеліктер өңірімізде болатын апаттық жағдайларға дайын екенін оқу-жаттығу кезінде дәлелдеді. 22 ақпанда «Көктем 2019» атауымен өткен республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу Маңғыстауда жалғасын тапты. Жаттығуға барлығы 30 техника мен 150 адам жұмылдырылды. Оған «ӨС және АҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММ, «АМО» ММ, «Қала жолдары» ЖШС, «Каспий жылу су арнасы, жергілікті полиция қатысты. Сондай-ақ жедел жәрдем, «Ақтау тұрғын үй коммуналдық қызметі», «Қазтрансаймақ», АУЭС, ұлттық гвардия №6655 және Ақтау қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі де келді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="73224,73225,73226,73227"] Оқу жаттығудың мақсаты — төтенше жағдайлардың алдын алу және көктемгі кезеңге дайындық іс-шараларын пысықтау. Көктемде қар еріп, жауын-шашынның жиілеуіне байланысты су басу оқиғаларына қарсы тұру. Алайда Маңғыстауда мұндай қауіп болмаса да, төтеншеліктер бұған тас-түйін дайын екендіктерін жеткізді. «Приозерный тұрғын үй миссивінен толассыз жауған жаңбырдың суынан тазалау бойынша тактикалық арнайы жаттығу өткізілді. Бұндай жаттығулар өте қажет. Себебі шұғыл әрекет ету жасағының әрекеттілігі тексеріліп, арнайы техникалардың дайындығы пысықталды. Сонымен қатар ең басты мақсат өндірістің, мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың көктем кезінде апаттық жағдайда әрекет етудегі жылдамдығын тексеру. Оқу-жаттығу кезінде барлық тәжірибелері шыңдалды», - дейді Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Алмаз Искаков.
Ақкенже БЕРКЕНОВА