©
Ақтауда Маңғыстауда қоныстану колониясына оралмаған сотталушыға іздеу салынғанын жазғанбыз. Ол Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 түзеу мекемесінен 4 ақпан күні шығып кетіп, қайта келмеген. Жедел іздестіру шаралары барысында ол 10 ақпан күні қолға түскен. Бұл жөнінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. «10 ақпан кешкісін ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Ұлттық гвардия және Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде М.Бердиев қаладағы шағын аудандардың бірінде ұсталды», - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта сотталушыға қатысты ҚР ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық факт тіркелді. М.Бердиевке түзеу мекемесіне оралмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.