Ол өз жолдауын Naiza Fighter Club-тың инстаграм желісіндегі парақшасында жариялаған. «Мен Нұрбек Қарабалаев! Құрметті достарым және қиын кезеңде мені қолдап жатқан жанашыр жандар. Сіздердің демеулеріңіз мен үшін әрқашан өте маңызды. Менің айтқым келетін жалғыз нәрсе – спортта, қызметімде жағымсыз ештеңе жоспарлаған да, жасаған да емеспін. Қандай жағдай болса да мен әрқашан Қазақстан спортының игілігі үшін жұмыс істеймін. Бұдан мені ешкім шектей алмайды!» - делінген жазбада. Кеше кешкісін жарияланған жазбаға 1100-ден астам қолданушы лайк басып, 100 адам пікір білдірген. Пікір авторлары бар қолдауын, тілек-ниетін білдіріп, сәттілік тілеуде. https://www.instagram.com/p/BtlYrx2hv78/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=ui1ez3pbfine Еске сала кетейік, Нұрбек Қарабалаев 2018 жылы 30 қарашада Маңғыстау облыстық спорт басқармасына басшы болып тағайындалған еді. 2019 жылдың 31 қаңтар күні оған мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқару қызметіне қарсы ауыр көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айып тағылған болатын. Артынша инстаграм желісінде оны қолдауға арналған акция басталды. Желі қолданушыларының жанашырлық танытқан жазбаларын #Нұрбекбізсеніменбіргеміз #нурбекмыстобой деген хештегпен таба аласыз.