©
Түпқараған аудандық сотында қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, Н. жәбірленуші А-ның сеніміне кіріп, 250 мың теңге ақшасын алып, алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкіне иелік еткені үшін ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Сот қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен Н. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірген зиян толығымен өндірілгендіктен, Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірісі қысқартылды. Әзірге қаулы заңды күшіне енген жоқ.