©
«Кендірлі» демалыс орталығына 5 жолдама алып беремін деп алдап танысынан 50 мың теңге алған айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Сотта анықталғандай, жаңаөзендік У. жәбірленуші М-ның сеніміне кіріп, пайдақорлық ниетпен «Кендірлі» демалыс орталығына 5 адамға 5 дана жолдама алып беремін деп алдаған екен. «Айыпталушы өзінің ондай жағдайға ықпал етіп көмектесуге ешқандай мүмкіншілігінің жоқ екенін алдын ала білсе де, 50 000 теңге ақшасын алған, яғни бөтеннің мүлкін жымқырған», - деп хабарлады Жаңаөзен қалалық соты. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық) кінәлі деп танылды. Оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет сайт архивінен