©
Қазір облыстан Иран, Әзірбайжан, Ауғанстан елдеріне астық экспортталады. Сондай-ақ қой етін сыртқа шығару бойынша «Сыбаға» жобасы қолға алынбақ. Жоба аясында биыл кемінде 10 мың қой алып, етін шетелге шығару көзделген.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Агрокредит корпорациясынан» 12 млн теңге қаражаты бөлінді. Былтыр жыл соңындағы 3 айда осы бағытта 2500 қой алғанбыз, биыл кемінде 10 мың аламыз. Екі жылдан кейін өнім бере бастайды. Нәтижесінде жылына 200 мың тонна экспорттау жоспарда. Қазір Араб әмірліктерінен және Ираннан жергілікті қой етіне сұраныс түсіп отыр», - деді Маңғыстау облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Серік Қалдығұл бүгінгі брифингте.
«Сыбаға» бағдарламасы 9 жылға жоспарланған. Отандық өнімді сыртқы нарыққа шығаруға тоғыз жолдың торабында орналасқан аймақтың мүмкіндігі көп. Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданады.
Аймақта етті мал өсіруге сұраныс артып келеді. Бұған кәсіпкерлерге берілетін мүмкіндіктердің де ықпалы жоқ емес.
«2018 жылдан бастап «Агрокредит корпорациясымен» қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұның артықшылығы – ауылшаруашылығы саласында кәсіп ашуға ниетті жандарға төмен пайызбен (4-6 пайыз) несие беріледі. Төлеу мерзімі 7 жылға дейін. «Нәтижелі жұмыспен қамтудың» «Еңбек» атты бағдарламасы бар. Осы бойынша аймақта былтыр 1 млрд 244 млн теңге бөлініп, шағын несиелер берілді. Бұл бағдарлама бойынша биыл да осындай қаржы бөлінді», - дегенді айтты. С.Сырымұлы.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА