©
Жыл басынан бастап 25 қаңтарға дейін Жаңаөзен қаласында рейдтік шаралар жүргізілген. Нәтижесінде Полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше заңсыз букмекерлік кеңсені анықтады. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
4 қаңтар күні сағат 00:00 шамасында Жаңаөзен қаласы Рахат-1 шағынауданында көше бойында орналасқан атауы жоқ заңсыз жұмыс жасап тұрған «Инбет» букмекерлік кеңсесі анықталып, ішінен 7 дана монитор, 7 дана жүйелік блок дәлелді зат ретінде алынған.
Сондай-ақ тағы 8 букмекерлік кеңсе анықталып, олардан да мониторлар, жүйелік блоктар, кассалық аппараттар, сканерлер, чек аппараттары, пернетақталар, қатқыл дискілер, бейнебақылау, теледидарлар дәлелді зат ретінде тәркіленген.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық деректер бойынша жинақталған құжаттар Жаңаөзен қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.
Көрнекі сурет сайттың архивінен