Маңғыстауда онкологиялық диспансердің ем қабылдаушылары мен олардың тума-туыстары үшін арнайы whatsapp чат ашылды. Бұл чатта емделушілерге диспансердің дәрігерлері ақпарат беріп отырады. Сондай-ақ емделушілердің ұсыныстары мен сұрақтарына жауап беріледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Бұл whatsapp чаты диспансер басшылығының бастамасымен ашылған. Чат мемлекет тарапынан бөлінетін қаражыға алынған дәрі-дәрмек пен басқа да медициналық заттардың науқастарға барынша ашық, дер кезінде тиімді жеткізілуін қадағалайды. Сонымен қатар науқастардың ем алудағы құқығын бұзылмауын қамтамасыз етеді. «Ашылғанына 1 апта болған бұл чатқа диспансерге тіркелген науқастар мен олардың туысқандары кіре алады. Сондай-ақ диспансерге жатуға ниет білдірген емделушілер де өз сауалдарын жолдай алады. Диспансерге қалай жатуға болатынын, қандай дәрі керек екенін тікелей чатта түсіндіріп отырамыз. Оларда қорқыныш болмау үшін әрбір өтінішіне құлақ асамыз», - дейді диспарсердің хирургия бөлімінің орынбасары Марат Қалиев. Чатың 3 әкімшісі (админ) бар: диспансердің директоры Нұрлан Джариев, емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айда Оразова мен бас медбике Айнұр Батырбаева. Сонымен қатар онкодиспансерде құқығыңыз бұзылса сурет пен видеоға түсіріп дер кезінде чатқа жіберуге болады.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Көрнекі сурет сайт архивінен