Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 16-22 қаңтар аралығында аудан мен ауыл әкімдері халыққа есеп берген болатын. Халықпен кездесу барысында бұралқы иттердің көшеде көптеп кездесетіні көтерілген. Осыған байланысты құзырлы орын өкілдері жыл сайынғы шараны қайта жандандырған.
Мәселен, Мұнайлы ауданы бойынша 2017 жылы 6347, 2018 жылы 5100 бұралқы ит ауланған. Оның ішінде Атамекен ауылында – 1322, Басқұдық – 898, Батыр – 776, Баянды – 320, Дәулет – 242, Қызылтөбе – 619 және Маңғыстау – 923 ит бар.
Ал биыл жыл басталғалы 424 бұралқы ит ауланған.
«Батыр» ауылында бұрынғы уран карьерде мал көмілдісі (скотомогильник) бар. Сонда 800 градусқа дейін ыстықта өртейтін инсинератор деген арнайы пеш бар. Ауланған иттер сонда апарылып, өртеп жойылады. Ит аулау кесте бойынша күн сайын жүргізіледі. Ол да оңай шаруа емес, иттерді іздейміз, сосын шприц арқылы дәрі жіберіп қолға түсіреміз. Күніне шамамен 30-40 ит ауланады», - дейді Мұнайлы аудандық ветеринария станциясының басшысы Ұлтан Қапашұлы.
Мамандар бұл мәселе қозғалғалы қаңғыбас иттердің азайғанын, бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жалғасатынын жеткізді. Осы жылы 4000-5000 итті аулау жоспарланған.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі көшеде иесіз иттер мен мысықтар кездессе 30-40-28 нөміріне қоңырау шалып, өтініш білдіруге болатынын хабарлайды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Сурет Мұнайлы ауданы әкімдігінің инстаграм парақшасынан алынды