Ақтауда қанша нысан рұқсатсыз салынып жатыр?
[ 2018 ] 25 желтоқсан, 10:42 | Жаңалықтар
Ақтауда соңғы бірнеше жылда халықтың тұрғын үйге деген сұранысына орай құрылыс нысандарының көптеп салынып жатқаны рас. Бірақ құрылыстың бәрінде бірдей рұқсат құжаты түгел болмай шықты. Бүгін қала әкімдігі мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасынан хабарлама алмастан салынып жатқан 41 нысанның тізімін жариялады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Бұл құрылыс салушы мекемелердің тізімі құзырлы органдарға шара қолдануға жолданды. Толық ақпаратты жазбаша «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нен алуға болады. Сондай-ақ 50-47-09; 50-44-47 телефондары бойынша хабаласыңыз", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.
Айта кетелік, бүгінде Ақтауда 70-тен аса коммерциялық көп қабатты үй салынып жатыр. Қала әкімдігінің айтуынша, олардың 32-сі ғана бастапқы рұқсат құжаттарын рәсімдеген.
Естеріңізге сала кетейік, қараша айында әкімдік қаладағы кейбір құрылыс компанияларының құжаты түгел еместігі туралы ақпарат таратқан еді. Айтуын айтқанымен, үйлердің атын атап, түсін түстемеген еді. Бұл жазбадан кейін желіде тұрғындар құрылыс компанияларының тізімін жариялауды сұрап, әкімдік 4 құрылыс компаниясының атын атады. Ақтау әкімдігінің хабарлауынша, бұл компаниялар әу баста эскиздік жобасын 5 қабатты етіп бекітіп алып, кейіннен 6 қабатты үй тұрғызып қойған.
Бір айтарлығы, 5 қабатты деп жоспарланып, соңында 6 қабаттыға айналып кеткен үйлердің мәселесі бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше рет көтерілген болатын. "Құрылыс мекемелері бастапқы ойынан бұлайша айнымас үшін артық қабатын бұздыру керек пе?" деген еді маңғыстаулық қоғам белсенділері.
Іле-шала Ақтауда бір пәтерін бірнеше адамға сатқан «Әлия» тұрғын үй кешенінде дау туды. Ондағы бір пәтердің 10 иесі бар болып шыққан. Қазір әкімдік осы дауға байланысты жұмыс тобын құрдық деп отыр.
Ал "Огни Мангистау" газеті Ақтаудағы 16 шағынауданындағы №№ 28, 28/1 үйлердің (салушы «ARAS invest» ЖШС) электр желілеріне қосылмағаны туралы жазған еді. Сенер-сенбесіңізді өзіңіз біліңіз, үй салынған жерде "Ақтау электр желілері басқармасының" (АУЭС) желілері жоқ болып шықты. Газ да әлі келмеген. Ал тұрғын үйлер уақытша электр кәбілдер арқылы пайдалануға беріліпті. Ең қызығы, әлде сорақысы - бір жыл бұрын тапсырылған үйлер Ақтаудың балансына алынбаған, ал тұрғындар коммуналдық төлемдерін 1 шаршы метрге 230 теңге тарифі бойынша «ARAS invest» компаниясының директорына қолма-қол төлеп отыр.
"Әләуләйім таусылса, хәләуләйім тағы бар" демекші, құрылыс саласындағы заңсыздықтар тек бұл ғана емес. Желтоқсан айында шаһар әкімдігі өз бетінше құрылыс бастап кеткен 12 тұрғын үйдің тізімін жариялады. Олардың бірі үй салу үшін эскиздік жобасын келіспепті. Сәулеттік жоспарлау тапсырмасы туралы да сұрай көрмеңіз. Енді бірі ЖСҚ-н сараптамадан өткізіп, тоқ, су, жылу, кәріз жүйелеріне қосылу үшін техникалық шарт рәсімдеуді қажет деп таппаған. Сонда кім көрінген келіп қалаған құрылысын бастай бере ме деген сұрақ туады. Тағы бір орынды сұрақ: құзырлы органдар көп қабатты тұрғын үй салынғанға дейін қайда қарап отырған?
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет - Талант ҚҰСАЙЫН
Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасынан хабарлама алмастан салынып жатқан 41 нысанның тізімі
Не получившие уведомление на СМР
№
Мкр.
№Зем. Уч-ка
Землепользователь
Подрядчик
Целевое назначение
Название Ж/К
5 «А» микрорайон
1
5 «А» мкр
Участок № 4
«РУСГАЛ REAL Estste»
Для строительства жилого комплекса
«Twin Towers»
11 микрорайон
2
11 мкр
Участок № 58/1
ТОО "ВСС-ОУСА"
Для строительства и эксплуатации двух жилих домов с помещениями общественного назначения на 1 этаже и благоустройства
12 микрорайон
3
12 мкр
Участок № 84/2
Шугаев С.У.
Для строительства и эксплуатации многоэтажного жилого дома с коммерческими помещениями
13 микрорайон
4
13мкр.
Участок № 54
ТОО«Debo stroy»,
Для строительства и эксплуатации многоэтажного жилого дома
«Астана»
16 микрорайон
5
16 мкр.
Участок № 33/8
ТОО «LePes»
Для строительства жилого комплекса
«LePes 2»
6
16мкр
участки № 67, 68, 69
Боранбаев Нұржан
Для строительства жилого комплекса
«Керемет 2»
«Керемет 3»
«Керемет 4»
7
16 мкр.
участок
№33/14
ТОО «Ниет Строй Сервис»
Для строительстважилого комплекса с многофункциональными общественными центрами, бизнес комплексами, жилыми зонами, объектами сферы КБО
«Алия»
8
16 мкр.
Участок № 15/1
ТОО «Тениз Групп»
Для строительства многофункциональных жилых домов
«Керуен»
9
16 мкр.
Участок № 21/3
Аманжолов Шәмші Асқарұлы
Для строительства многофункциональных жилых домов
«Бойтұмар»
10
16 мкр.
Участок № 21/7
Адамбек Берік Дінмухамедұлы
Для строительства жилого комплекса
«Кәусәр»
11
16мкр.
Участок № 33/4
ТОО «Kaz Elit Stroy»
Для строительства жилого комплекса
«Керемет 6»
12
16 мкр.
Участок № 21/4
ТОО «Kaz Elit Stroy»
Для строительства жилого комплекса
«Берекелі шаңырақ»
13
16 мкр.
Участок № 31
ТОО «SNET KZ»
Для строительства и экцплуатации многоэтажного жилого дома с коммерческими помещениями, для размещения детского дошкольного и медицинского учреждения и социального объекта
17 микрорайон
14
17 мкр.
Участок № 213
Бимембетов Ерболат Абдирович
Для строительства общежития
15
17 мкр.
Участок № 86
Акбаев С.
Для стр-ва административно-офисного здания
16
17 мкр.
Участок № 22/1
ТОО «СК Хазар-ТАС строй»
Для строительства многоэтажных жилых домов
17
17 мкр.
Участок № 207
ТОО «МАЯК ЛТД»
Строительство многофункционального комплекса, бизнес центра инфраструктуры и жилого комплекса
«Жайлы Мекен»
18
17 мкр.
Участок № 208
ТОО «МАЯК ЛТД»
Строительство многофункционального комплекса, инфраструктуры и жилого комплекса
«Махабат»
19
17 мкр.
Участок № 55/1
ТОО «МАЭК КУАТ»
Для строительства жилого дома
«Maek-kuat-Residece»
20
17 мкр.
Участок № 28
ТОО «КСМ Корпорация»
Для строительства жилого дома.
21
17 мкр.
Участок № 99
ТОО «Сартай Энерго Сервис»
Для строительства жилого комплекса
22
17мкр.
Участок № 220
ТОО «Казах Металл»
Для строительства жилого комплекса.
«Бақыт мекені»
23
17 мкр.
Участок № 23
ТОО «Сартай Энерго Сервис»
Для строительства жилого комплекса.
24
17 мкр
Участок № 43
Таласбаева Злиха Куттыбаевна
Для стр-ва комерческого здания
18 микрорайон
25
18 мкр.
Участок № 43
Куанберді З.Т.
Для строительства жилого комплекса
19 микрорайон
26
19 мкр.
Участок № 105
ТОО «KZ-West snap»
Для строительства жилого комплекса.
27
19 мкр.
Участок № 106
ТОО «KZ-West snap»
Для строительства жилого комплекса.
28
19 мкр.
Участок № 102
«Актау ВС- строй»
Для строительства жилого комплекса.
29
19 мкр.
Участок № 110
ТОО «Аманат GBG»
Для строительства жилого комплекса.
30
19 мкр.
Участок № 108
Акбаев С.
Для строительства жилого комплекса.
20 микрорайон
31
20 мкр.
участки
№12, 24,26 и 29
ТОО «Курылысшы-7»
Для строительства жилого комплекса.
31 микрорайон
32
31мкр.
Участок № 7/2
Б.С. Абенов
Для строительства жилого дома.
«Даулет»
33
31мкр.
Участок № 7/1
Сугиралиев
Қуаныш
Для строительства и эксплуатации многоэтажного жилого дома с коммерческими помещениями
31«А» микрорайон
34
31«А» мкр.
Участок № 4
ИП Бижанова А
Для строительства многоэтажных жилых домов.
31«Б» микрорайон
35
31«Б» мкр.
Участок № 8
ТОО «Eileen Group»
Для строительства жилого дома.
36
31«Б» мкр.
Участок № 13/1
ТОО«Каспий Строй Консалтинг»
Для строительства жилого дома.
32 «В» микрорайон
37
32«В» мкр.
Участок № 2
ТОО «Мынкыстау Актау»
Для строительства жилого дома
35 микрорайон
38
35мкр.
Участок № 15/1
Масимов Б.А.
Для строительства жилого дома.
39
35мкр.
Участок № 9
ТОО«Ниет Строй Сервис»
Для строительства жилого дома.
40
35мкр.
Участок № 17
ТОО «Сартай Энерго Сервис»
Для строительства жилого дома.
41
Промышленная зона №8
участок № 6
Катаева Светлана Кадыровна
для строительства и эксплуатации административного здания
1530
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.