Ақтауда «Әлия» тұрғын үй кешенінде бір пәтерді бірнеше адамға сатылғаны туралы бұған дейін жазған едік. Құрылыс компаниясы 160 пәтерді 220 адамға сатқан. Халықтың дау-дамайы Ақтау қаласы әкімдігінің құлағына жетіп, осы мәселені анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып отыр, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz  сайты.

Бұл «Әлия» тұрғын үй кешені 16 шағынауданда №33/14 учаскеде салынып жатыр. Бұған дейін айтқанымыздай, тұрғындар 3 млн-нан 10 млн теңгеге дейін бастапқы жарнасын құйып қойған. Бірақ соған қарамастан бір пәтер бірнеше рет сатылған болып шықты.

Әкімдіктің айтуынша жұмыс тобының құрамында қалалық әкімдіктің, қалалық прокуратураның, қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері бар. Енді тұрғын үйге қатысты мәселені құрылған арнайы топ шешетін болады.

Біз де бұл мәселені назарымыздан тыс қалдырмаймыз.

Егер сіз «Әлия» тұрғын үй кешенінен үй сатып алып, келісімшарт жасап, ақшаңызды төлеп қойған болсаңыз, қалалық сәулет және құрылыс бөліміне 50-47-09; 33-65-02 нөмірімен байланысыңыз.

Ақкенже БЕРКЕНОВА

Көрнекі сурет сайт архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз