Маңғыстаулық жас дзюдошылар 15-16 желтоқсан аралығында Қырғыз Республикасында өткен дзюдо күресінен халықаралық турнирде жеңіске жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Турнир 2003-2004 жылдары туған және 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті. Халықаралық додаға Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 400 спортшы қатысқан.
Екі күнге созылған халықаралық турнирде 50 келі салмақта Нұрсұлтан Жұбатқан 1-ші орынға ие болды.
Екінші орынды 38 келіде Бектұрған Ғизат пен 42 келіде белдескен Мұрат Ыбырай иеленді.
46 келіде күрескен маңғыстаулық жас дзюдошы Қуанышбек Көмеков 3-орынға тұрақтады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді бапкерлер ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67694,67693,67692,67689,67691,67695"]