©
«Балалар үйінің тәрбиеленушілері «сынау мартериалына» айналмай ма?»
Жаңа дәрілерді сынау мәселесін интернетте қоғам белсендісі Әлия Садырбаева көтерді. Оның айтуынша, халықтың назары кәмелетке толмағандарға жасанды түсік жасатуға рұқсат беру мәселесіне ауған кезде Мәжіліс қазақстандықтарға медициналық зерттеулер жүргізу құқығын беретін заң нормаларын мақұлдаған. Енді Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған заң жобасы Сенатқа жолданған.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қабылданған кезде біз үшінші әлем елдерінің қатарына түсіп қаламыз. Бұл елдерде фармацевтикалық гиганттар дамыған мемлекеттерге арналған дәрілерін сынақтан өткізеді. kursiv.kz сайты 2018 жылы қыркүйекте АҚШ Үкіметінің Құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) Францияның Sanofi фармацевтикалық компаниясы Қазақстан шенеуніктеріне пара бергені 25 млн доллар көлемінде айыппұл төлейтіні туралы хабарлады. «Sanofi компаниясы Қазақстандағы мемлекеттік мекемелердегі тендерлерде жеңуі үшін дистрибьюторларды қолданған, олар шенеуніктерге пара беріп отырған», - делінген SEC хабарламасында.
ҚР Денсаулық сақтау министрі «Осы компания тарапынан лауазымды тұлғаларды немесе оның дистрибьюторларына пара беру жағдайлары тіркелген жоқ. Былтыр бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ осы компаниямен байланысты ма, жоқ па растай алмаймыз», - деді.
Бірақ Министр Е.Біртанов 2017 жылы 3 шілдеде Жемқорлыққа қарсы қызметтің жалпы сомасы 10 млн теңге көлемінде бірнеше рет пара алғаны үшін Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Л.Ю.Пакты, Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің басшысы З.Ш.Қажинованы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармация комитетінің бас маманы П.Т.Имамхожаевты, Фармация комитетінің бас сарапшысы Д.К.Ибраевты ұстағанын есінен шығарып алған сияқты.
Қазақстанда жұмыс істейтін 50 әлемдік фармгигант үшін балалар үйінің тәрбиеленушілері, жауынгерлер мен сотталғандар «сынау мартериалына» айналмай ма?» - деп алаңдаушылық білдірді ол.
Оның айтуынша, 2017 жылы "Гексаксим" вакцинасының миллионнан астам дозасы үшін Sanofi компаниясына 13 млрд. 100 миллион теңге төленген. Ал Қазақстандағы дәрілік заттар нарығының жалпы көлемі 1,5 млрд. доллардан асады.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67388,67387,67392"]«Ешкім Қазақстанда адам құқығын бұзғалы жатқан жоқ!»
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының (РДДО) бас директоры Айнұр Айыпханова қоғам белсендісінің мәселеге бей-жай қарамағанына ризашылығын білдіре отырып, ақпарат толық болмаса, кері әсер қалдыратынын айтты.
«Клиникалық зерттеулер қатысушының КЕЛІСІМІНСІЗ ЖҮРГІЗІЛМЕЙДІ. Ешкімге, соның ішінде мүжәлсіз топтарға мәжбүрлеп сынау жүргізілмейді», - деген ол «Болашақ» арқылы АҚШ-та 4 жыл оқығанын, сол кезде өзінің де сондай зерттеудің қатысушысы болғанын айтты.
«Оқып жүргенде Вашингтон қаласының маңында Бетесдада орналасқан Ұлттық денсаулық институтына (NIH, National Institutes of Health) экскурсияға бардық. Бұл – мемлекет қаржыландыратын, АҚШ-тағы адамдар қатысатын клиникалық зерттеулердің басым бөлігі жүргізілетін, 20-дан астам ғылыми медициналық институт орналасқан кешен. Мұнда бюрократия (қағаз толтыру, күту) мен қашықтыққа (Вашингтонға өзге штаттардан келіп жатты) қарамастан эксперименттік, әрі ЕҢ ЖАҢА ЕМ-ДОМДЫ зерттеу аясында тегін алу үшін келген ауыр және сирек ауруларға шалдыққан балалардың ата-анасын көрдім. Олар барлық ем түрін жасап, ештеңе көмектеспегеннен кейін клиникалық зерттеулер арқылы жаңа әдістерді іздейді», - деді Айнұр Айыпханова.
Ол өзі де азиалықтардың геніне ВИЧ-ке қарсы жаңа дәрінің қалай әсер ететінін тексеруге арналған зерттеуге қатысып, сыналушының орнында болғанын айтты.
«Әлемде адамға жасалатын кез келген зерттеуді оның келісімінсіз жасауға тыйым салынғанын әрқайсысымыз білсек, бұл мәселеге қатысты негатив те жойылады. Ешкім Қазақстанда адам құқығын бұзғалы жатқан жоқ! Біздің ұйым – РДДО – Қазақстанда медицина саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуде этикалық стандарттардың сақталуына және үйлестіруге жауапты: РДДО ғылыми зерттеулер этикасы жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын үйлестіреді», - деді ол.
Оның айтуынша дәл қазір әлемнің 199 елінде (Қазақстанда емес) 14 448 аяғы ауыр әйел, бала, жасөспірім мен қарт кісіге сынау жүргізіліп жатыр.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67391,67390,67389"]