©
11 желтоқсан күні кешкі сағат 6 шамасында Ақтауда жарылыс болып, бес адам зардап шекті. Зардап шеккендердің екеуі қайтыс болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ауруханаға жарықшақты жарақаттармен үш адам жеткізілді. Олардың – біреуі ауыр жағдайда, екеуі орташа жағдайда жеткізілді. Қазір бәрінің де жағдайы орташа ауыр. Травматология бөлімшесінде жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жарақаттанғандардың үшеуі де ер адам, 1984, 1989 және 1990 жылы туған.
Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр. Mangystaumedia.kz сайты жарылыстың неден болғаны туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен ақпарат күтіп отыр.
P.S. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтаудағы металл сынықтарын қабылдау базасының аумағындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді.