Шараны Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күніне орай Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды.
Медициналық қызметкерлері арасында шахмат турнирі «Дебют» шахмат мектебінде өтті. Сайыс 7 турдан тұрды. Нәтижесінде Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыстар бойынша бөлім басшысы Арман Шамшиев бірінші орын алды. Ал Жаңаөзен қалалық №3 емханасының дәрігері Атабай Оразбек 2 орын иеленді. Ал 3 орын облыстық қан орталығының заңгері Ренат Мулдашевке бұйырды.
Қатысушылар сертификаттар және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының дипломы мен кубок табысталды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67218,67216,67215"]