©
Бүгін «Индустриализацияның екінші бес жылдығы. Қазақстанда жасалған» деген тақырыппен жалпыұлттық телекөпір өтеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын телекөпір Астана қаласындағы EXPO Конгресс-орталығында өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Телекөпір барысында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы жел электрстанциясы іске қосылмақ. Станцияның алғашқы кірпіші 20 тамызда қаланды. Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторын орнатуды, құрылыс кезеңінде 70 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлаған еді.
Шара барысында республикадағы жаңа индустриалдық-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық жобалар онлайн режімде іске қосылады.
Сондай-ақ «Алтын сапа» ҚР Президент сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының, «Парыз – 2018» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді. Шараға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары, әкімдер, ҚР Парламентінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП, кәсіпорындар мен ҰЕҰ өкілдері қатысады.
Сурет сайттың архивінен
Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыз!