Мұнайлы ауданы Атамекен ауылы жанындағы «Татьяна» дүкені мен «Нұрас» жанармай құю бекеті аралығындағы жол жаңартылып, 4 жолақты етіп кеңейтілмек. Осыған орай, бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов арнайы барып, жолдың жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұған дейін «Татьяна» дүкені қиылысындағы кептелісті азайу мақсатында қала бағытында 400 м жол бөлігін кеңейту жоспарланып, 16 тамызда құрылыс жұмыстары басталғанын хабарлағанбыз.
Облыстық маңыздағы ХГМЗ (Химия-металлургиялық зауыт) қиылысынан 23, 24, 28а шағынаудан қиылысына дейінгі №55 авткөлік жолын кеңейту бойынша жұмыстар 2015 жылы жоспарланып, жобалық сметалық құжаттар жасақталған. Жолдың жалпы ұзындығы 7 шақырым, жоба құны 1 млрд 721млнт теңге. 2017 жылы мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, мердігер ретінде «Маңғыстау жол-құрылыс материалдары комбинаты» АҚ анықталған.
«Жалпы 2016 жылы «МКДСМ» мердігер мекемесімен келісіліп, жолға құрылыс жұмыстары басталды. 2017 жылы 100 млн теңгеге «ХГМЗ» қиылысы жөнделді. 2018 жылы 300 млн теңгеге «Татьяна» дүкені қиылысындағы 450 метр жолға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, жақында ашылған болатын. Енді бұл жұмысты тоқтатпай, «Нұрас» жанармай құю бекетіне дейінгі ұзындығы 1,1 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - дейді МО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Абай Құралханов.
Жоба құнының бүгінде 400 млн теңгесі игерілген. Аталмыш жол 4 жолақты болып кеңейтілмек. Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын тез арада бастауды, жұмыс көлемі, уақыты туралы график әзірлеуді тапсырды. Мердігер мекеме мәлімдеген жөндеуге қажетті 380 т битум мен 180 т цемент те шешілетінін жеткізді.
Ал басқарма өкілі жобаның қалған бөлігі келесі жылы жалғасын табатынын айтты.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="66483,66484,66485"]