©
Ақтауда қоқыс арасынан сәбидің өлі денесі табылды. Қазір маңғыстаулық полицейлер өлі табылған сәбидің анасын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңа туған сәбидің денесі 23 қараша күні Ақтаудан 20 шақырым қашықтықта орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонынан табылған. Шақалақтың денесін полигонның қоқыс сұрыптайтын қызметкері тауып алып, құзырлы органдарға хабарлаған.
"Аталған дерек Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 001-ші «адам өлімі» бабы бойынша тіркелді. Қазір баланың анасын іздестіру шаралары жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тексеріп-тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті МО Полиция департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әйгерім Ибадуллаева.
https://www.youtube.com/watch?v=rTenHv73-gMҚазір тәртіп сақшылары үйлерді аралап, баланың анасын бүкіл қаладан іздеп жатыр. Полиция департментінің тиісті қызметкерлері іздестіру жұмысына толықтай жұмылдырылған. Барлық медициналық ұйымдар тексеріліп жатыр. Сондай-ақ жүктілікке байланысты есепте тұрғандардың тізімі алынған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Видеоны түсірген автор
Көрнекі сурет сайттың архивінен