©
19-26 қараша аралығында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша – 38 рет шыққан. Оның ішінде 11 өрт жағдайы, 16 жану жағдайы, 1 рет авариялық-құтқару жұмыстары бар. Бқл жөнінде mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтар болсақ, 20 қарашада сағат 03:43-те Ақтау қаласы, 25 ш/а гараж жанында ашық алаңда тұрған мемлекеттік нөмірі мен маркасы белгісіз автокөлік толықтай жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.
21 қараш күні 09:45-те Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы «777» жанар жағармай бекетінен 10 метр қашықтықта тұрған 1993 жылы шыққан «Opel Vectra» маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі мен оң жақ бір дөңгелегі өртенген.
Қарашаның 24-де 12:43-те Жаңаөзен қаласы, Арай-1 ш/а, 8–көше, 16 үйдің ауласында бөлек орналасқан 1 қабатты, 2 бөлмелі моншаның бу бөлмесі өртке оранған. Сол күні 14:18-де Мұнайлы ауданы, Қызыл-Төбе 2 ауылы, №571 учаскесінің ауласында тұрған 2005 ж/ш. ПАЗ маркалы автокөлігі де отқа оранған. Кешкі сағат 20:39-да Ақтау қаласы, 29 ш/а, 28 үй. 5-қабаттан бастап 9-қабатқа дейінгі электрқалқан бөлмелері жанған. Жану көлемі 20 ш.м. Ешкім зардап шеккен жоқ.
25 қарашада 6:29-да Ақтау қаласы, 3 Б ш/а, 5 А үйдің 6 пәтерінде бір бөлмелі үйдің қылтимасынан өрт шыққан. Араға бір сағат салып Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылы, №98/2 үйдің ауласында тұрған Volkswagen Passat маркалы автокөлігі де отқа оранды. Оқиғаның ізін ала Ақтау қаласы, 20 ш/а орналасқан құрлыс алаңында «BN Құрлыс Мастер» ЖШС–ның асханаға арналған 20 тонналық вагоны мен Камаз монипульятор автокөлігінің кабинасы толықтай жанып кеткен. Вагоннан 40 литрлік 4 пропангаз балоны шығарылды. Дәл осы күні кешкі сағат 22:32-де Жаңаөзен қаласы, «Ақсу» ш/а 11 көше, 12 үйге қосылып салынған бу қазанының (котельный) ішіндегі ағаш қалдықтары мен төбесі жанып кеткен. Беті мен сол қолының І-ІІ-ші дәрежелі термикалық күйік жарақатымен бір ер адам травматология бөліміне жатқызылды. 23:00-де Мұнайлы ауданынан 21 шақырым қашықтықта орналасқан ашық алаңда мұнай құбыры желісі бойында қолдан жасалған, жерге жартылай көмілген, шамамен 60 м3 цистернадағы сыртқа төгілген мұнай қалдықтары да жалынға оранған. 40 ш.м. көлемді шарпыған өрттің себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.
Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету сұрақтары, құқық қорғау қажеттіліктері, Өрт сөндіру қызметінің қызметі туралы ақпарат алу бойынша халықтың шағымы мен ұсынысын жедел қабылдау үшін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефонына (43-55-06) хабарласуды тұрғындар қаперіне береді.