ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстаудағы департаменті мемлекеттік қызметшілерге алда келе жатқан желтоқсан айындағы мерекелерде азаматтардан сыйлық алуға болмайтындығын ескертеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Нариман Айтжанов айтты.«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 677 бабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшілердің өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді алса, 600 айлық есептiк көрсеткiш (шамамен 1,5 млн теңге) мөлшерiнде айыппұл төлейтінін ескертеміз», - деген басқарма басшысы мемқызметшілерге сыйлықтың кез келген түрін алуға тыйым салынатынын баса айтты.