Бүгін Маңғыстау облысы әкімдігінде Қаржыгерлер күніне орай сала қызметкерлері марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ильмухамемедова төл мереке иелерін құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хаттары мен грамоталарын табыстады.
Қазақстан Республикасы валютасының 25 жылдығы қарсаңында марапат екінші дәрежелі банк, қазынашылық департаменті, ішкі мемлекеттік аудит департаменті, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне бұйырды.
«Қаржыгерлер күнінде бізді елеп-ескеріп жатқаны үшін алғысымды айтамын. Марапат алушылардың қатарында менің де болғаныма қуаныштымын. Барлық әріптестерімді төл мерекесімен құттықтаймын», - дейді МО спорт басқармасының «МО каратэ-до бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» есепшісі Бақтыгүл Төлешова.
Айта кетейік, марапат пен қошеметке облыстың 25 қызметкері ие болды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65816,65815,65813,65818"]