11 қараша күні бокстан ерлер арасындағы ел чемпионаты алдында баспасөз жиыны өтті. Оған ҚР бокстан Ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, Маңғыстау облысы бойынша бокс федерациясының Президенті Марат Орманов, Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Қарабалаев қатысты.
Жарыс Ақтау қаласының 55 жылғы аясында өтпек. 14 облыс, 3 қаладан 206 спортшы қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында әлемдік ареналарда топ жарып жүрген боксшылар да бақ сынайды. Олар: Қайрат Ералиев, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов, Бекдәулет Ибрагимов, Абылайхан Жүсіпов, Теміртас Жүсіпов, Ілияс Сүлейменов, Ерік Әлжанов және ағайынды Төлтаевтар.
Ал респубдикалық бокс додасының қадірлі қонақтары: Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Ермахан Ибраимов, Серік Сапиев, жүлдегерлері Қанат Ислам, Болат Жұмаділов, Серік Елеуов, әлем чемпиондары Галиб Джабаров, Біржан Жақып, Азия ойындарының чемпионы Нұржан Кәрімжанов.
-Биыл Маңғыстауда 600 спорттық шара жоспарланған болатын. Оның ішінде 53 халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар. Ең маңыздыларының бірі – осы Бокстан Қазақстан чемпионаты. Бұл жарыс Маңғыстау тарихында бірінші рет осы өңірде өтіп жатыр. Осы чемпионаттан кейін Қазақстанның құрамасы құралатын болады, - дейді Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Қарабалаев.
https://www.youtube.com/watch?v=004_jG4FyNoЧемпион атанған боксшылар 2019 жылы өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал Әлем чемпионатында 2020 жылғы Токио олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.
Жарыс «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде 12-18 қараша аралығында өтеді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН