«Күз-2018» шақырылымының 90-нан астам мерзімді қызмет әскери қызметшісі салтанатты түрде ант қабылдады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2018 әскери бөліміндегі бұл сарбаздар Маңғыстау, БҚО, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарынан шақырылған.
Әскери ант қабылдау күні – әскери бөлімнің мерекесі іспетті. Сондықтан салтанатты шараға бөлім қызметкерлерімен қатар, жас сарбаздардың ата-ана, туыстары қатысты.
Әр жауынгер Қазақстан халқына, оның Президентіне ақтық демі қалғанша адал болуға, өзінің Егеменді мемлекетінің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде серт берді. Отанына деген адалдық сертін өзінің қлоын қойып бекітеді. Олар сол сәттен бастап өзінің әрекеттеріне Отанның қарулы қорғаушысы ретінде толық жауап береді.
Әскери ант Қазақстан жауынгерлерін батыл ерлік жасауға, Отанға мүлтіксіз қызмет етуге жігерлендіреді.Шекарашы қайда жүрсе де Отанына адал болуға берген антына адал болуға тиіс.
https://www.youtube.com/watch?v=Uda4EIk2jRoҚР ҰҚК Жағалау күзеті өңірлік басқармасының Ақтау шекара жасағы (2018 әскери бөлімі) ҚР Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрығы негізінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласында құрылған.
Ақтау шекара жасағы Мемлекеттік шекараны Маңғыстау облысының шеңберінде Каспий теңізінің жағалауы және Түркменстан Республикасы аумағы бойынша күзетеді.
Құрғақта Түркменстан Республикасымен 400 шақырымнан астам, ал сулы аумақ 800 шақырымға жуық, яғни Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Иран, Түркменстанмен шектесетін аумақты күзетеді.
Шекара жасағының құрамында шекара комендатурасы, шекара заставалары,техникалық бақылау посттары және шекаралық бақылау бөлімшелері арқылы мемлекеттік шекараны күзетуді қамтамасыз етеді.
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65458,65456,65455,65454,65452,65457"]