1 қараша күні таңғы сағат 07:40 шамасында Жаңаөзен қалалық ауруханасы жедел жәрдем қабылдау бөліміне 7 адам түрлі жарақатпен жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам зардап шегіп, оның 2-еуі оқиға орнында, бірі ауруханада көз жұмған. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша, қайтыс болғандардың барлығы да ер адам. Зардап шеккендердің арасында бір ғана әйел адам бар. Ауруханаға жеткізілгендердің 5-еуі қазір ем қабылдауда, бірі – үйіне қайтарылса, бірі – ауыр халде.
Алдын ала ақпарат бойынша, автокөлік «Мерей» шағынауданы «Азамат» дүкені жанындағы аялдамада тұрған жолаушыларды қаққан.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен мәлімет күтіп отырмыз.Суреттер тұрғындардан келді
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64861,64862,64863"]