©
Ақтау қалалық әкімдігінде өткен брифингте автобустардың жүру уақыты да назардан тыс қалмады. Қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Бопышұлының айтуынша, қоғамдық көліктер таңғы 6:30-дан кешкі 21:00-ге дейін жүреді. №3 автобус интервал ұзақтығы – 6 минут, №2, №5 автобустарда 8 минут. Демалыс күндері 10 минут.
Жүру кестесін сақтамай, қызмет көрсету уақытын 21:00-ден бұрын тоқтататын автобустар қадағалауда болатыны да айтылды.
-Қазір GPS арқылы қай автобустың қай уақытта, қайда жүргенін байқау қиын емес. Сонымен қатар, infobus.kz бағдарламасы арқылы өздеріңіз де бақылай аласыздар. Біз барлық автобустың жұмыс кестесін қадағалап отырамыз. Егер қандай да бір кемшілік байқасаңыз, бізге хабарласыңыз, - дегенді айтты Ақтау қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев.
Бөлімнің байланыс нөмірлері: 33-65-44, 33-65-43