Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының Кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Қайрат Қожамжаров тағайындалды деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының бас директоры Елдос Рамазанов, сондай-ақ еліміздің спорт қоғамының қызметкерлері қатысқан болатын.
Жиынға ұлттық құрама командасының көшбасшылары да Елдос Сметов, Максим Раков, Азамат Мұқанов, сонымен қатар бүгін ғана Аргентинадан келген жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бекарыс Сәдуақас мен күміс жүлдегері Маргарита Гриценко қатысты.
Фото olympic.kz сайтынан алынды