©
Бүгін Ақтау қалалық әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша жұртшылықпен байланыс департаменті және Республикалық арнайы мониторингтеу тобының мүшелері Елбасы жолдауын түсіндіру мақсатында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Мониторингтеу тобының мүшелері республиканың қалаларын ғана емес, аудан, ауылдарды аралайды. Маңғыстау облысында 23-24 қазан күндері Түпқараған, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарындағы емхана, әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, аудандық ішкі істер бөлімін аралап, кездесу өткізетін болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалиннің айтуынша, өңірлерді аралау үшін агенттіктің жанынан арнайы мониторингтік топ құрылған. Оның құрамында белсенді, беделді азаматтар бар. Бірақ біреуі де мемлекеттік қызметші емес. Дегенмен, әр саланы жақсы меңгерген, соның ішінде кемшілікті көріп, таба алатын, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары секілді барлық саланы білетін азаматтардан құралуы тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан барлық дүниелерді көріп жүрген, өзінің ниет талабымен бірлесіп, жемқорлықты жоюға тілек білдірген азаматтардан құралып отыр.
"Жалпы мақсаты - мемлекеттік қызметкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, олардың іні-қарындастарына мемлекеттік қызметші ретінде үлгі болып, сөзі мен ісінен ағаттық кетпеуге барынша жағдай жасау керек", - деп саралап айтты ол.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64105,64106,64107,64108,64109,64110"]