"Қазақстан" РТРК" АҚ Маңғыстау облысындағы филиалына жаңа директор тағайындалды. Бұдан былай "Маңғыстау" арнасының басшысы қызметін Меруерт Құмарова атқаратын болады. Жаңа басшыны ұжымға Аймақтарды дамыту бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев таныстырды. Бұл туралы ұлттық арна фейсбуктегі парақшасында жазды, - хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ол 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
2004-2009 жылдары «31 арнада» журналист, "Қазақ радиосында" редактор-жүргізуші болып қызмет еткен.
2009-2010 жылдары "7 арнада" ақпараттық қызметтің продюсері, "Астана" телеарнасының редакторы болды.
2010-2014 жылдары "Хабар" АҚ телевизиялық жобалар мен деректі фильмдер жқніндегі продюсері болды.
2015-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің бас сарапшысы қызметін атқарған.
2016-2017 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясат департаментінің медиа аналитика басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ өндірістік орталығының диркторы, "Қазақстан" ұлттық телеарнасы директорының орынбасары қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Маңғыстау" арнасының басшысы қызметін Әнуар Бимағамбет атқарып келген болатын.