©
Маңғыстау облыстық ауруханасына «іріңді менингит» диагнозымен түскен сарбаздың жағдайы әлі де өте ауыр. Тоғыз күннен бері Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері оның өмірін құтқару үшін қажетті ем-домды жасауда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Естеріңізге сала кетейік, Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек күні сағат 17.00-де №6656 әскери бөлімінің 21 жастағы жауынгері ауыр жағдайда Маңғыстау облысының ауруханасына жеткізілген болатын. Оған «менингоэнцефалит, іріңді менингит» диагнозы қойылған болатын. Сол кезде МО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс инфекционисті Гүлбану Аманжолова «Бұл жұқпалы ауруға жатпайды және ауамен де тарамайды» деген болатын.
«Қазіргі уақытта республикалық реаниматолог дәрігерлермен кеңесіп жатырмыз. Қандай да бір болжам айту мүмкін емес», - деп хабарлады бүгін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін "ЖРВИ" диагнозымен жатқызылған 6 сарбаз ауруханадан шықты. Қалғандары жақын арада шығарылады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен