©
Маңғыстау облыстық ауруханаға менингококк инфекциясы бар әскери адам жеткізілді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
30 қыркүйек күні сағат 17.00-де №6656 әскери бөлімінің 21 жастағы жасөспірім ауыр жағдайда Маңғыстау облысының ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта науқас Маңғыстау облыстық аурухананың жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөлімінде. Әскери қызметкер жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Бұл туралы аурухананың басшылығы хабарлаған.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, 27 қыркүйек күні әскери бөлімнің медициналық қызмет бастығының міндетін атқарушы денсаулық сақтау бөлімшесіне әскери қызметкердің дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, басы ауырып, басы айналып, денесі бөртіп, құсып, әлсіздігі бар екенін хабарлаған. Ол соңғы үш күн ішінде тәбеті болмағанын айтқан. Сондай-ақ инфекциялық ауруға шалдыққан науқастармен байланыста болмағанын айтып отыр.
Жағдайының нашарлауына байланысты науқас облыстық ауруханаға жатқызылды.
- Компьютерлік томографияға түсіргенде бас миының тітіркенуі (судороги) байқалды. Науқасқа жасанды тыныс алдыру аппараты қосылған. Алдын ала диагноз «Менингококк инфекциясы, жалпы түрі. Менингокококцемия, менингоэнцефалит, 2-дәрежелі церебралді комасы(мидың ұйқыға кетуі). Бас миының ісінуі». Науқастың жағдайы ауыр. Барлық қажетті шаралар жасалуда. Әскери бөлімшеде науқаспен байланыста болған барлық тұлғалар медициналық бақылауға алынды, - деді Маңғыстау облыстық аурухананың директоры Болат Қаюпов.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында мамыр айында менингококк инфекциясы тіркелген болатын. Сол кезде мамандар Маңғыстауда менингококк инфекциясын тіркелмегенін айтқан.
Айта кетейік, шілде айында Маңғыстауда 39 адам ақылы түрдеменингококк екпесін салдырған. Менингококк инфекциясының таралуы, белгілері, алдын алу шараларын тағы да назарларыңызға ұсынамыз.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ