©
27 қыркүйекте "Ақтау-Құрық" тас жолы уақытша жабылады. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілуіне байланысты 27 қыркүйекте сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Ақтау-Оймаша-Құрық (63 шақырым) бағыты уақытша жабылады.
Маңғыстау облысы әкімдігі келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, түсіністікпен қарауды өтінеді.