Бұл жөнінде Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арканың биіктігі 5,2 метр, ені 6,2 метр, ал ұзындығы 60 метр. Түрлі-түсті шамдармен көмкерілген құрылғы қазан айында пайдалануға берілмек.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның құны 23 миллион 477 мың теңге. Мердігер мекеме «Наурыз Медиа» ЖШС.
Қаланың сәулетін арттыру мақсатында 14 шағынаудандағы теңіз жағалауынан тұрғызылған аркада 37,500 LED RGB шам қолданылмақ.