©
Осыдан бірнеше ай бұрынғы жағалау мен жартастағы жаяу жүргіншілер жолының көрінісі есіңізде ме? Бүгінде теңіз жағалауы тау боп үйілген тас, төгілген қоқыстан тазарып, демалуға қолайлы орынға айналған.
Ерен еңбек, күндіз-түні төккен тердің нәтижесінде қысқа уақытта екі шақырымға жақын қашықтықтағы жағалаудың жаңа келбеті пайда болды. 1 шақырым 800 метр жағалау бір жарым ай ішінде жөндеуден өтіп, 48 мың шаршы шақырым тас төселді.
70 метр ұзындықта ашық аспан астындағы дала сахнасы, серуендеп демалуға әрі бүлдіршіндерге ойын алаңы салынды.
Сондай-ақ 6 мың шаршы шақырым аумаққа "Жартасты соқпақ" жобасы қолға алынды. Бүгінде жобаның алғашқы бөлігі аяқталды.Бұның барлығы халық үшін, ел игілігіне пайдалану үшін атқарылған жұмыс екені сөзсіз. Жағалаудың жөндеу жұмыстары қалай жүргізілгені жөнінде қысқаша бейнеүзікті назарларыңызға ұсынамыз.
https://www.youtube.com/watch?v=Ulr07DQlenE