Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдарының бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Сағадат Қошақова аймақтың БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
- Қоғамда адал бәсекелестікті дамытуға, ҚР-ның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануды реттеу, бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру монополияға қарсы органның міндеттері болып табылады.
ҚР кодексінің 90-6-бабына сәйкес монополияға қарсы органның құзыретіне нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша осы кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу кіреді.
Сағадат Қошақованың айтуынша, департаментпен Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабына сәйкес мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен шешім қабылдаудан көрінетін бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға алып келген бірнеше тергеу басталған. 8 айдың ішінде 14 тергеп-тексеру басталып, оның 12-і аяқталған. Ал 2-і уақытша тоқтатылды.
Аталған тергеудің 8 ісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 163бабы 1 бөліміне сәйкес 8 лауазымды тұлғаларға қатысты 9 әкімшілік іс қозғалды деді, – Сағадат Қошақова өз сөзінде.
Департаментпен 3 лауазымды тұлғаға 2 886 000 теңге айыппұл салынса, лауазымды тұлғалардың өтініштері бойынша 5 әкімшілік істің құжаттары сотқа қаралуға берілген.
Нарық субъектілеріне қатысты тексеру барысында 4 тергеп-тексеру басталған. 1-і аяқталып, 3-і жүргізілуде. Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес, монополияға қарсы орган тек қана нарық субъектілеріне емес, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға да тергеп-тексеру жүргізбестен, ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама – құқық бұзушылықтар белгілері бар болғанда тергеп-тексеру жүргізбестен және жауапкершілікке тартпастан алдын-алу шараларын қолдану болып табылады. Аталған әдіс құқық бұзушылықтарды және олардың пайда болу себептерін жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, хабарламаны жіберу ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықты болдырмау үшін алдын алу шарасы болып есептеледі.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудегі жаңашылдық– Кәсіпкерлік кодексінің 221-бабында монополияға қарсы органның лауазымды тұлғаларының құқықтары белгіленген. Атап айтқанда, тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тексеру объектісінің дерекқорынан және де өзге электрондық жеткізгіштерінен құжаттардың, ақпараттардың көшірмелерін түсіріп алуға және де тергеп-тексеру объектісі қызметкерлерінің сол объектінің аумағындағы өзге де адамдардың әрекеттерін, тергеп-тексеру объектісінің үй-жайындағы немесе аумағындағы мүлікті аудио, фото және бейне тіркеуді жүргізуге құқылы, –деді мемлекеттік органдарының бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Сағадат Қошақова.
Брифингте журналистер тарапынан монополияға қатысты біршама сұрақтар қойылып, оған мамандар жауап берді.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР